10-сынып оқушысы әлеуметтік желіде терроризм тақырыбындағы жарияланымды көріп, мәтінді көшіріп, фотосуретті монтаждап, содан кейін ол WhatsApp мессенджері арқылы сыныптастарына жіберген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқушының ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Полицейлер жалған терроризм туралы көрінеу жалған хабарлар үшін және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.