ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қазақстандағы лотерея қызметін реттеу туралы пікір білдірді 

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Қазақстандағы лотерея қызметін реттеу туралы пікір білдірді 

ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың айтуынша, Қазақстанда лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңмен реттеледі.

«Заң бойынша жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мұны білген жөн. Өйткені қоғамда лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқан. Бұған тыйым салынады және заң бойынша қудаланады, лотерея операторының қызметі де тоқтатылуы мүмкін», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, М. Төлебаевтың айтуынша, қазір лотерея операторы кірістің 80%-дан астамын жүлде қорына жібереді, қалған 20%-ы оператордың кредиторлар, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерді өтеу шығындары, әкімшілік шығындар, салық төлеуден және екі қорға ақша аударғаннан кейін қалған табысы.

@turizm_sport_ministrligi

Жаңалықтармен бөлісу