23-24 қыркүйектен бастап Сербияда Нови-Сад қаласында жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті.
Облыстық ПД қызметкерлері спорттық іс-шарада ел намысын сәтті қорғады. 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдулла Асқар күміс жүлдені жеңіп алды.
Полиция қызметкері жарыстан алған әсерін былайша бөлісті:
–Жарыстардағы бәсекелестік те, жарыс деңгейі де жоғары болды. Сондықтан сайысқа дайындық тыңғылықты өтті. Мен үлкен жауапкершілікті сезіндім, өйткені мен елдің намысын лайықты қорғауым керек еді. Чемпионатта лайықты өнер көрсете алғаныма қуаныштымын.
Сонымен қатар, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жалғас Жұмағали қола жүлдені жеңіп алды.
Екі спортшы да самбодан спорт шеберлері, республикалық және халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие.