Полиция инспекторлары жүре алмайтын зейнеткерді эвакуациялады (ВИДЕО)  

Полиция инспекторлары жүре алмайтын зейнеткерді эвакуациялады (ВИДЕО)  

Ол су басу қаупі бар Қарасу ауданының Восток ауылында тұрады.

Сол ауылда азаматтар жиыны өткен. Су басқан жағдайда тұрғындарды эвакуациялау туралы мәселелер қаралды. Адамдарға ықтимал қауіптер туралы ескертіліп, қиын жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.

Жиыннан кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Тулеубаевқа бір әйел келіп, ауылда көмекке мұқтаж жүре алмайтын кейуана  барын айтқан.

Ол дереу учаскелік инспекторлар Ерболат Өтебаев пен Ернияз Ибрагимовқа тапсырма берді.

Олар медицина қызметкерлерімен бірге тұрғылықты жеріне келіп, зейнеткерді ауруханаға эвакуациялады.

Айта кету керек, облыста су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр. Полицейлер құтқарушылармен бірге тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Жаңалықтармен бөлісу