Әлеуметтік желіде Қостанайдағы мектептердің бірінде террорлық қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратылады.
Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.
“Жалған жарияланымның авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Арандатушылыққа берілмеуіңізді, хабарламаны жібермеуіңізді және тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз”, – деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.
Осындай жалған хабарлама үшін кеше Қарағандыда кәмелетке толмаған бала ұсталған еді.