28 мая, 2025
Полицейлер контрабандалық жолмен темекі жеткізу арнасының жолын кесті

Полицейлер контрабандалық жолмен темекі жеткізу арнасының жолын кесті

Облыс орталығының қоймаларының бірінен полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сома тұратын есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекі тауып алды.

Белгілі болғандай, жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейін сатуды көздеп, белгісіз біреулерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған. Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі тергеу  амалдарын жүргізуде. Тәркіленген материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.

Гүлназ Өмірзақ

ҚӨУ студенті