Әкімдіктің бүгінгі отырысында облыс басшысы Құмар Ақсақалов өңір өнеркәсібіндегі қазіргі ахуал туралы айтты.
“Жеңіл автомобильдер өндірісінің аздап төмендеуіне қарамастан, біз басқа секторларда, атап айтқанда, металлургия мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде тұрақты өсуді байқап отырмыз. Біз болат прокаты мен тракторлар өндірісін ұлғайту бойынша жаңа жобаларды іске қосамыз, сондай-ақ шойын құю мен автомобильдерге арналған шанақ өндіруді бастаймыз”, – деп атап өтті облыс әкімі.
Облыс басшысы атап өткендей, негізгі жобалардың бірі – шойын құю зауытын іске қосу болатын. Нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің экономикасын нығайту қамтамасыз етіледі.
“Қала-аудан әкімдіктерінің өнеркәсіптің жаңа түрлерін дамытуды қолдағаны маңызды. Тек осылай ғана біз жыл қорытындысы бойынша өндірістің тұрақты өсуін қамтамасыз ете аламыз. Біздің мақсаттарымыз айрықша және біз оларға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз!” – деді облыс басшысы.
Бұл жиында облыс әкімі ауыл шаруашылығы еңбеккелерін қолдау және ауыл шаруашылығын дамыту — Қостанай облысының экономикасының өсуіне кепіл болатынын тілге тиек етті.
“Биыл ауыл шаруашылығы саласына қаржыландыру 3 есе артты, ал келесі жылы оны тағы 2,6 есе көбейту жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын айтарлықтай жақсартып, саланың табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді”, – деді Құмар Ақсақалов.
Бүгінгі облыс алдындағы үлкен мақсат өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін арттыру. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және өнімнің қосылған құнын жоғарылатуға көмектеседі. Алдағы жылдары облыста сүт фермалары, ет кешендері және бидай өңдеу зауыттарын салуды қамтитын 30 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев