Құрметті оқырман! «Қостанай таңы» газеті екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өңір оқушылары арасында «Отты жылдар жаңғырығы» атты патриоттық әндер байқауын жариялайды. Бейнебайқауда ерекше қабілетімен көзге түскен, үздік атанған қатысушыларға тағайындаған бағалы сыйлықтарымыз бар!
Ережелер мен шарттар
– Байқауға тек Қостанай облысының оқушылары қатыса алады;
– Байқауға жекелей де, топпен де қатысуға рұқсат етіледі;
– Қатысушылар патриоттық сарындағы, соғыс жылдарында айтылған, ұлы жеңіске арналған әндерді бейнежазба түрінде жолдауы қажет (кішігірім бейнебаян жасаса, құба-құп);
– Байқау материалымен қоса үміткердің фотосуреті және мәліметтері (аты-жөні, мекенжайы, оқитын мектебі, сыныбы, жасы, байланыс нөмірі) қоса жолдануы керек;
– Үміткерлердің бейнежазбалары «Қостанай таңы» газетінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланып отырады;
– Жүлдегерлер үш орын бойынша анықталады. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде көп қаралым жинап, көрермен көзіне түскен тағы екі үміткерге арнаулы сыйлықтарымыз бар;
– Материалдар бай қау жарияланған күннен бастап, 5 мамырға дейін 8 771 213 72 02 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін де осы нөмірге хабарласуларыңызға болады.