Осы тарихи оқиғадан жаңа бастамаларды күтеміз

Осы тарихи оқиғадан жаңа бастамаларды күтеміз

Биыл IV Ұлттық құрылтайды өткізу орны ретінде еліміздің солтүстік өңірі таңдалыпты. Бурабай өзінің көркем табиғатымен ғана емес, тарихымен де танымал, дәл осы жерде Абылай хан ордасы орналасқан және маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданған.

Кешеден бастап біз мәдениет пен өнерді, азаматтық қоғамды, ғылым мен білім беруді дамыту мәселелері қаралатын секциялардың жұмысын көріп жүрміз. Бүгін Құрылтайдың жұмысына Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты. Біздің “Ауыл” партиясының төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлының да Ұлттық Құрылтай мүшелерінің қатарына кіргені қуантады.

Осы тарихи оқиғадан біз еліміздің өзекті мәселелерін шешу үшін жаңа бастамаларды күтеміз!
Құрылтай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы билік пен қоғам арасындағы көпір ретінде құрылды. Оның жұмысы елдің тарихи жадын жандандыруға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Динара АХМЕТОВА,
Қостанай облыстық мәслихат депутаты

Жаңалықтармен бөлісу