Оқырманымыз торғайлық емшінің ғажайып оқиғасын баяндап берді

Оқырманымыз торғайлық емшінің ғажайып оқиғасын баяндап берді

“Астанадан бір сынықшы ақсақалды тауып алдым. Есімі – Бақытжан. Торғай жерінен былтыр көшіп келіпті” деп бастайды әңгімесін. Оқырман назарына болған жайды толығырақ ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Қазір Талапкерде тұрады. 1996 жылдан адам қабылдай бастапты. 2008 жылдың 1 сәуірінен бері өзі қараған адамдарының тізімін жазып келеді екен. Сол күннен бері (арғысын есептемегенде) 18 мыңнан астам адам келіп көрініп, олардың 95 пайыздан астамы емделіп кетіпті. Арасында тіпті өздігінен жүре алмай келген адамдар да болған.

Бақытжан аға бірқатар қызық оқиғаларымен бөлісті. Соның бірі былай болған. 1998 жылы қысты күні көрші ауылға жұмыстармен барып, сол жақта қонып қалады. Түнде ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде 12-13 жастағы ұлының аяғы шығып кетіп, соны салып жатыр екен.

Ертесіне ауылына қайтып оралып әйелінен «Бала қайда?» деп сұрайды. «Сыртта ойнап жүр» дейді әйелі. «Оған ештеңе болмады ма? Аяғы ауырмады ма?» дейді. Сонда әйелі: «Кеше сен жоқта ол аяғын шығарып алды. Түнде ұйықтап жатып түс көріпті. Түсінде сен оның аяғын салыпсың. Таңертең оянса, аяғы сап-сау» дейді.

Сонда әкесі мен баласы түнде бірдей түс көрген екен.

Ескендір Зұлқарнай

Жаңалықтармен бөлісу