26 мая, 2025
Оқырмандарға арналған онлайн ұтыс ойынының жүлдегерлері марапатталды

Оқырмандарға арналған онлайн ұтыс ойынының жүлдегерлері марапатталды

Бүгін Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған «Қостанай таңының» оқырмандарына арналған ұтыс ойынының жеңімпаздары марапатталды. «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы іс-шараға қолдау білдірген демеушілер мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Ұтыс демеушілері өзерінің сыйлықтарын иелеріне тарту етті.  «Қостанай таңы» оқырмандарының ұтыс ойынына «Тобыл» футбол клубы, «Аллюр» компаниялар тобы, «Нұрай-Н» ЖШС,  «Еуразиялық банк» АҚ және Тобыл-Торғай өңірінің өзге де кәсіпкерлері демеушілік білдірді.

Іс-шараға  атсалысқан азаматтарға редакция атынан алғыс хаттары табыс етілді.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев