Бүгін Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған «Қостанай таңының» оқырмандарына арналған ұтыс ойынының жеңімпаздары марапатталды. «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы іс-шараға қолдау білдірген демеушілер мен қатысушыларға алғысын білдірді.

Ұтыс демеушілері өзерінің сыйлықтарын иелеріне тарту етті. «Қостанай таңы» оқырмандарының ұтыс ойынына «Тобыл» футбол клубы, «Аллюр» компаниялар тобы, «Нұрай-Н» ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ және Тобыл-Торғай өңірінің өзге де кәсіпкерлері демеушілік білдірді.








Іс-шараға атсалысқан азаматтарға редакция атынан алғыс хаттары табыс етілді.


Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
