Қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж бүлдіршін – 7 жастағы Әлинұр Мырзабай. Оған бірнеше ауыр диагноз қойылған. Баланың анасы Данагүл Ш ұлының өмірін сақтап қалу үшін Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында жедел ем алу қажеттігін айтып, елден көмек сұрап отыр.
Әлинұрдың диагноздары:
— Лейкоз
— Гломерулонефрит, өткір нефрологиялық синдроммен
— Қайталамалы және тұрақты гематурияның белгісіз себепті түрі
— Целаксия
— Кистозды фиброз
— Ұсақ ошақты қатерлі ісіктер
Осы дертіне байланысты балаға арнайы тексеру мен ем қажет. Анасының айтуынша, емнің жалпы құны – 15 000 000 теңге. Бұл соманы өз күшімен жинау мүмкін емес. Сол себепті барша ел-жұрттан, қайырымды азаматтардан қолдау сұрайды.
«Аз ақша салсаңыз да риза боламыз. Алдын ала рахмет! Біз көппіз, бәрін де жеңіп шығамыз!» – дейді бала мен анасы.
Көмек көрсетем деушілер үшін реквизит:
Kaspi / Halyk bank:
8 707 563 61 33 – Данагүл Ш. (анасы)
Кез келген үлес баланың өмірін сақтап қалуға үлкен сеп болады.