“Шебердің қолы ортақ” байқауына Жанкелдин ауданы Сарысу ауылының тұрғыны Индира Қанғожина қатысып отыр. Ол Сарысу негізгі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді.
Жасы 32-де. Индира Сағындыққызының сүйікті ісі – көрпе көктеу, тоқымамен айналысу. Оның қолынан шыққан бұйымдар ерекше тартымды. Байқауға ісмерлік шеберлігін айғақтайтын бірнеше фотосурет және тігін жұмысы үстіндегі сәтті бейнелейтін видео жолдапты. Үміткердің еңбегін бағалап көріңіздер.