Он бес адам өрт шырмауынан құтқарылды

Он бес адам өрт шырмауынан құтқарылды

Бүгін сағат 10:10-да Қайырбекова көшесі, 385-үйдегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пәтерлердің бірінде басталып,  шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған, жиһаздарға залал келген.

Ақпарат түскен бетте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, тұрғындарды ғимараттан эвакуациялауға кірісті. Барлығы 15 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала, 23 адам эвакуацияланды, бір құтқарылған жүкті әйел толық тексеру үшін ауруханаға жіберілді.

Өрт сағат 10:54-те жойылды. Шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамының 19 адамы мен 6  техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтармен бөлісу