Болгарияда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында 16 жастағы қазақстандық Улболсын Елмурат 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда ол аты аңызға айналған спортшы, 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, нағыз сенсация жасады.
Сонымен қатар, осы жарыста тағы бір тарихи жетістік тіркелді — Ибрагимовтар әулетінің үш ұлы да өз салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы атанды. 14 жастағы Бекнур, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Адилет Ибрагим бірден үш алтын медаль еншіледі.
Қазақстан тек дәстүрлі спортта ғана емес, киберспортта да табысқа жетіп отыр. Жақында өткен FISSURE Playground 2 атты Counter-Strike турнирінде қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко үздік ойыншы атанды.
Бұл жетістіктер — ел спортындағы жас буынның әлеуетін көрсететін жарқын дәлел.
