29 мая, 2025
Октябрь кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Октябрь кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Лисаков қаласына қарасты Октябрь кентінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Құрылысы 2024 жылы басталған ғимараттың жалпы алаңы 607,5 шаршы метрді құрайды.

Жаңа медициналық мекеме жергілікті тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жаңа амбулаторияда 15 дәрігер және медициналық қызметкер жұмыс істейді. Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев жаңа амбулатория ұжымына табыс тілеп, ауыл тұрғындарына денсаулық тіледі.

«Жаңа амбулаторияның ашылуы – көптен күткен оқиға, ол ауыл тұрғындарына медициналық қызметтердің сапасын да, қолжетімділігін де жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті қала әкімі.

Жаңа амбулатория облыстық денсаулық сақтау басқарманың қолдауымен заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда ЖРВИ белгілері бар науқастарға арналған фильтр және төрт төсек орынмен қамтамасыз етілген күндізгі стационар жұмыс істейді. Сонымен қатар, УППМ (универсалды прогрессивті патронаж моделі) бағдарламасы аясында ерте жасындағы балаларға арналған «Денсаулықты қорғау бөлмесі» және ішек аурулары белгілері бар балаларға арналған «Оралды регидратация пункті» ашылды.

Бұдан бөлек, ауыл тұрғындары алғаш рет стоматологиялық көмек, УДЗ зерттеулері, акушерлік-гинекологиялық қызметтер мен толық зертханалық тексерулер ала алады. Сонымен қатар, есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметі де көрсетіледі.

 

Әйгерім МҰРАТБЕК,

ҚӨУ студенті

         Суреттерді түсірген Елена СПОДАРЬ

Лисаков қаласы