24 мая, 2025
Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 11 мыңнан астам өтінімді өңдеді

Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 11 мыңнан астам өтінімді өңдеді

2025 жылғы 5-11 мамыр аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 11 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.

Байланыс орталығының базасында азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен 1 796 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 8 790 қоңырауға жауап берді.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:

— 1403 байланыс орталығы;

www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;

— Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 775 001 1403).