Өңірімізде құс еті мен жұмыртқа бағасы тұрақты ма?

Өңірімізде құс еті мен жұмыртқа бағасы тұрақты ма?

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет брифингінде елімізде жұмыртқа мен құс етінінің бағасы өскенін жеткізген болатын. Алайда, жергілікті «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері жаңа жыл басталғалы жұмыртқа мен құс етінің бағасы өспегенін айтады.

«Бізде құс еті мен жұмыртқа бағасында ешқандай өзгеріс жоқ. Қазір сауда нүктелерінде жұмыртқаның он данасы 400 теңгеден саудалануда. Сонымен қатар, құс еті де сауда орындарында 1090 теңгеден сатылып жатыр. Алаңдауға негіз жоқ», – дейді «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қызметкері Ғизат Каленов.

Айта кету керек, еліміздің басқа өңірлерінде құс еті мен жұмыртқа бағасы 2,5% көтірлген.

«Бұл маусымға байланысты, мысалы қыста тұтынуымыз үнемі артады. Сәйкесінше, баға көтеріледі. Ал жазда құлдырап жатады. Бізде бағаның айтарлықтай ауытқуы бар – 30-40%-ға төмендеу бар. Қауіпсіздікке келетін болсақ – біз өзімізді өзіміз толық қамтамасыз етеміз. Отандық өнімнің Ресей Федерациясына ағыны байқалмайды», – деген болатын үкіметте өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу