Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауа райының қолайлылығына байланысты облыстық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының қозғалысын көліктің барлық түрлері бойынша ашу туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, Қостанай-Введен (8-97 км), Красная Пресня -Звериноголовское (0-56 км), Қарасу — Б. Чураков (0-114 км), Әйет-Варваринка — Ресей Федерациясының шекарасы (0 -40 км), Тобыл-Әйет-Красносельской-Набережное (0-45 км), Жітіқара-Қамысты-Ливановка (0-48 км, 56-71, 3 км), Адаевка-Орқаш-Аралкөл (0-110 км), Рудный-Қашар-Федоровка (0-82, 7 км), Әулиекөл-Жалдама (0-257 км), Әулиекөл-Москалевка (0-52 км), Әулиекөл-Диев (0-50 км), Лисаков-Қайыңдыкөл-Арқа (0-71,8 км), Қойбағар-Қарасу-Севастополь (0-124 км), Тобыл-Садчиков-Сергеев (0-46 км), Загарин ауылына кіреберіс (0-17 км), Архипов селосына кіреберіс (0-12 км), Пресногорьков-Белоглин-Воскресенов (0-46 км), Ұзынкөл-Сарыкөл (0-79 км), Сарыкөл-Б. Дубравы (0-56 км), Рудный қаласын айналып өту (0-9 км), Қарамеңді-Раздольное-Аралкөл (0-128 км) жолдары ашылды.
Алайда, ауа-райының өңіріміздің сыртқы аумақтарында нашарлауына байланысты қозғалыс шектелгенін айта кетейік. Мәселен, республикалық маңызы бар Арқалық қаласынан 340-377 км-ге дейін «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола облысы), «Қостанай-Әулиекөл — Сурған» Тобыл қаласынан 8-232 км-ге дейін (Ақмола облысы), Тобыл қаласынан 556-729 км-ге дейін РФ (Екатеринбургке)-Алматы » (Солтүстік Қазақстан облысы), Солтүстік Қазақстан облысынан Тобыл қаласына дейінгі жолдармен жүру шектеулі («Мамлютка-Қостанай» 180-404 км).