Өңірдегі көлік жолдары ашылды

Өңірдегі көлік жолдары ашылды

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауа райының қолайлылығына байланысты  облыстық маңызы бар жалпыға ортақ автомобиль жолдарының қозғалысын көліктің барлық түрлері бойынша ашу туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, Қостанай-Введен (8-97 км), Красная Пресня -Звериноголовское (0-56 км), Қарасу – Б. Чураков (0-114 км), Әйет-Варваринка – Ресей Федерациясының шекарасы (0 -40 км), Тобыл-Әйет-Красносельской-Набережное (0-45 км), Жітіқара-Қамысты-Ливановка (0-48 км, 56-71, 3 км), Адаевка-Орқаш-Аралкөл (0-110 км), Рудный-Қашар-Федоровка (0-82, 7 км), Әулиекөл-Жалдама (0-257 км), Әулиекөл-Москалевка (0-52 км), Әулиекөл-Диев (0-50 км), Лисаков-Қайыңдыкөл-Арқа (0-71,8 км), Қойбағар-Қарасу-Севастополь (0-124 км), Тобыл-Садчиков-Сергеев (0-46 км),  Загарин ауылына кіреберіс (0-17 км), Архипов селосына кіреберіс (0-12 км), Пресногорьков-Белоглин-Воскресенов (0-46 км), Ұзынкөл-Сарыкөл (0-79 км), Сарыкөл-Б. Дубравы (0-56 км), Рудный қаласын айналып өту (0-9 км), Қарамеңді-Раздольное-Аралкөл (0-128 км) жолдары ашылды.

Алайда,  ауа-райының өңіріміздің сыртқы аумақтарында нашарлауына байланысты қозғалыс шектелгенін айта кетейік. Мәселен, республикалық маңызы бар Арқалық қаласынан 340-377 км-ге дейін “Жезқазған-Петропавл” (Ақмола облысы), “Қостанай-Әулиекөл – Сурған” Тобыл қаласынан 8-232 км-ге дейін (Ақмола облысы), Тобыл қаласынан 556-729 км-ге дейін РФ (Екатеринбургке)-Алматы ” (Солтүстік Қазақстан облысы), Солтүстік Қазақстан облысынан Тобыл қаласына дейінгі жолдармен жүру шектеулі (“Мамлютка-Қостанай”  180-404 км).

Жаңалықтармен бөлісу