Өңірде жаңа өндіріс жобалары іске асырылуда

Өңірде жаңа өндіріс жобалары іске асырылуда

Бұл туралы өңірлік әкімдікте өткен жиында айтылды. 2024 жылы облыста жүк көліктері үшін шойын құю өндірісі пайда болады. Жоба 78,16 млрд теңгеге бағаланды. Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс жұмыстары баиысында жабдықты орнату жүріп жатыр.

“Жақын арада облыс бойынша бірнеше ірі кәсіпорындар ашу жоспарлануда. Облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын студенттер кейіннен жұмысқа орналасу арқылы практикадан өту үшін осы кәсіпорындарға тартылуы тиіс. Инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін біз кадрларды даярлауға назар аударып, оқытуға арналған нысаналы мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуымыз қажет. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 6226 студент оқиды және келесі жылы 800 адамға (7062) ұлғайту жоспарлануда. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқитын студенттер санын жыл сайын ұлғайту көзделіп отыр”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қуаттылығы жылына 45 мың тоннаға дейін өнім өндіретін кәсіпорында 300 жұмыс орны құрылады. Ал өңірде 2025 жылы жетекші көпірлердің басты берілістерін 82,5 млрд теңгеге шығару жолға қойылуы мүмкін. Облыс әкімі бұл жоба бойынша ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ еуропалық компаниялардан жабдықты жеткізуге келісім-шарттар жалғасып жатыр. Кәсіпорын жылына 74 мыңға дейін дейін өнім өндіруге ниетті. 360 жаңа жұмыс орындары құрылады.

Бұған дейін жобаға ресейлік компания инвестор болған. Алайда, кейінірек бұл қатысушы заңға сәйкес 2022 жылдың қарашасында тараптардың келісімі бойынша жобадан кеткені белгілі болды. Бұл ретте оларды іске асыру жалғасып жатқаны, жаңа инвестор – қазақстандық компания екені айтылды.

Сонымен қатар, жүк автомобильдерінің компоненттерін өндіруді оқшаулау деңгейін арттыру бойынша үшінші жобаны іске асыру жоспарланғаны хабарланды. Жоба құны –78 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 90 мың бірлікке дейін өнім өндіретін кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылмақ. Оның іске қосылуы құйма өндірісінің өнеркәсіптік операцияларын және өндіріс номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу