Өңірде қылмыс азайды

Өңірде қылмыс азайды

Бұл туралы  облыс прокуроры Берік Әбілов 2023 жылдың бірінші  жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын талқылау мен  алдағы кезеңнің басым бағыттарын айқындауға арналған кеңейтілген жиынында айтты.

 

Нақтырақ айтқанда, облыс әкімдігі мен уәкілетті органдардың бірлесіп қабылданған құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кешенді шараларының нәтижесінде өңірдегі қылмыс деңгейі 18,1%-ға (3704-тен          3 032-ге дейін) қысқарған.  Қылмыс индексіне сәйкес, өткен жыл мен биылғы алты айдың қорытындысы бойынша өңіріміз  10 мың тұрғынға шаққанда      7-ші орынды иеленді. Бұған дейін соңғы 10 жыл ішінде Алматы және Астана қалаларынан кейінгі 3-ші орынды тұрақты иеленіп келген-ді.

Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша өңірде қайталама қылмыстың саны мен деңгейін төмендетуге бағытталған «Стоп-рецидив» жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде, рецидивтік қылмысты 30%-ға (240-тан 170-ке дейін), пробация қызметінің есепке алынатын адамдарын 25%-ға (51-ден 38-ге дейін) және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам санын 15%-ға (13-тен 11-ге дейін) қысқартылды. Құқық бұзушыларға қатысты атаулы жұмыс ұйымдастыру барысында қоғамнан оқшаулау ғана емес, оларды қайта әлеуметтендіру көзделуде. Жыл басынан бері 206 адам жұмысқа орналастырылды және 452 әлеуметтік және өзге де көмек көрсетілді. Қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру шеңберінде прокурорлар 7 мыңнан астам іс жүргізу шешімдерін зерделеді, келісіп әрі келісуден бас тарту арқылы 21 азаматтың құқықтары қорғалды. Қылмыстық-сот қадағалауында 746 адамға қатысты 650 іс бойынша айыптау қолдау тауып, прокурорлардың бастамасы бойынша 35 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкес реттелді, бұл ретте 10 сотталушының жағдайы жақсарды. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық салада құқық қорғау функциялары жанданды. Қадағалау актілері бойынша 211 мың азаматтың, 16 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 3,7 млрд теңгеден астамы мемлекет кірісіне өтелді. Облыс прокуратурасы Әулиекөл ауданы Басаман орманшылығының басшысы А.Б. Жакашевке қатысты ірі орман өртіне әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Балалардың құқықтарын қорғау үшін облыс прокуратурасы уәкілетті органдарды тарта отырып, «Балалар – біздің болашағымыз» жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде борышкерлерді жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады, рейдтік іс-шаралар, қасақана борышкерлерді жауапкершілікке тарту жүргізіледі. Қадағалау актілері бойынша 154,3 млн теңге (81,1 млн теңге) өндірілді, 112 (75) борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін 27 (17) борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуратурасы

Жаңалықтармен бөлісу