9 июня, 2025
Өңірде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Өңірде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарын көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындауға бағытталған іс-шара 2025 жылғы 6-7 наурыз күндеріне жоспарланған.

Республикалық штаб оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару үшін Қостанай қаласында орналасады. Екі күн ішінде алдын алу іс-шараларының кешені жүргізіледі.

Сонымен қатар, 6 наурыз күні сағат 11:00-де «Назар салыңыздар!» дабылы бойынша өңірлік деңгейдегі хабарландыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында облыс аумағындағы барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты ұйымдастырушылар тұрғындарды сабыр сақтап, үрей мен жалған ақпаратқа бой алдырмауға шақырады.