Өңірде кәсіпкер әйелдердің белсенділігі арта түскен

Өңірде кәсіпкер әйелдердің белсенділігі арта түскен

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлікті дамытып жүрген әйелдердің белсенділігі кезекті отырыста айырықша баға берілді.

Әйелдер кәсіпкерлігі аймақтың экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Қостанай облысында әйелдер басқаратын 20 мыңнан астам шағын бизнес нысаны бар.

Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Елена Венгрскаяның айтуынша, “Бір ауыл бір өнімжобасы ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін маңызды ынталандыру болды. Әйелдер өздерінің экономикалық тәуелсіздігін ғана емес, сонымен қатар аймақтың мәдени мұрасын сақтауға ықпал ететін жергілікті ресурстар мен дәстүрлі қолөнерді пайдалана отырып, өз істерін ашуға мүмкіндік алды.

Кәсіпкер әйелдер қоғамдық өмірге белсенді қатысады және қайырымдылықпен айналысады. Облыс үшін күрделі су тасқыны кезеңінде кәсіпкер әйелдер зардап шеккендерге көмекке келгенін де атап өту керек.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетбаевтың айтуынша, өңірде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін 30-дан астам кәсіпкершағын және орта бизнес өкілдері грамоталармен марапатталған.

Нұрдана Тағаймұратова,

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу