Екі бірдей «құрғақ» порт жөнінде өңір басшысы Құмар Ақсақалов брифинг аясында ақпарат берді.
Қостанай қаласында көліктік-логистикалық саланы дамыту аясында негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Тобыл» көлік-логистика кешенінің құрылысы басталды.
«Жоба құны 63,8 млрд теңге. Жылына 400 мың контейнер өңдеу қуаты бар. Кешен іске қосылған соң 500 жұмыс орны құрылады. Жобаны іске асыру жүк тасымалының көлемін 20% ұлғайтуға мүмкіндік ашады. Қостанай облысының халықаралық көлік дәліздеріндегі бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады. Портты салу өңірдегі сауда, логистика және шағын бизнес салаларының дамуына серпін береді. Нысанды салумен қатар өңірдегі инженерлік, техникалық кадрлар даярлану үстінде», – деді облыс әкімі.
Мұныме қоса, Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде де құрлық портының құрылысы басталғанын айта кету керек.
