Өңірде астықты қайта өңдеу жобаларына ерекше екпін салынып отыр

Өңірде астықты қайта өңдеу жобаларына ерекше екпін салынып отыр

Қостанай облысы елдегі жетекші астық өндіруші өңірлердің бірі ретінде өз әлеуетін нығайтып келеді. Осы жылы 4 млн га ауданнан 7 млн-нан астам тонна астық жиналды, бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Астанадағы брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір экономикасының тірегі саналатын егін шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Мәселен, облыста экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды бағыт ретінде астықты терең қайта өңдеудің дамуына екпін қойылған.

«Облыста жылына 2,3 млн тонна астықты тереңдете қайта өңдейтін 3 зауыт салу жоспарланды. Бұл өнімді жоғары қосылған құнмен шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік тудырады. Жыл басынан бері 1,4 млн астық, оның ішінде 545,5 мың жаңа өнім жинау кезінде жиналған астық экспортталды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 1,5 есе артық. Жалпы, өңірдің астық өнімі Қытай, Иран және Италияны қоса алғанда, 20-дан астам елге экспортталады. Қайта өңдеудің дамуы өңірдің қосымша қосылған құнын қалыптастырып, жүздеген жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді», – дейді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, аймақтық АӨК дамуының стратегиялық факторы саналатын суармалы жерлердің аудандарын ұлғайта түсті. Жыл сайын көрсеткіш 1,5 мың және одан астам деңгейге кеңею үстінде.

«Бүгінгі таңда өңірде 9,2 мың га суарылатын жер бар. Жобаларды іске асыру жемдік дақылдардың өнімділігін 3-4 есе ұлғайтуға, мал шаруашылығы үшін тұрақты базаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Суарудың дамуына инвестиция сорғы станцияларын салуды қоса алғанда, 2,4 млрд теңге құрады. Суару көлемдерінің ұлғаюы өңірдің аграрлық секторының ауа райы жағдайына тәуелділігін азайтып, өндірістің өсімі үшін тұрақты жағдай жасайды», – дейді ол.