Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 207 млрд теңге бөлінген

Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 207 млрд теңге бөлінген

Өңірде ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру жылма-жыл еселеніп келеді. Осы жылы бағытталған қаражат та қомақты. Бұл туралы елордадағы брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндады.

Аграрлық сектор – облыс дамуының негізгі бағыттарының бірі. Биыл ауыл шаруашылығын қолдауға 207 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 1,2 есе көп.

«Қаражат субсидиялау, техника лизингі, жеңілдетілген несие және фермерлерді қолдау бағдарламаларына бағытталды: 66,3 млрд — Аграрлық кредиттік корпорация, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпоациясы арқылы субсидиялар мен бюджеттік несиелерге, 84,1 млрд — егіс, өнім жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын іске асыруға, 18 млрд — екінші деңгейлі банктері арқылы, 5,4 млрд — форвардтық сатып алуға, 33,5 млрд — жеңілдетілген лизингке. Қаржыландыруды күшейту агробизнесті жаңғыртуға, қайта өңдеуді кеңейтуге және дайын өнім үлесін арттыруға зор мүмкіндік. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді», – деді облыс әкімі.