Өңірде алиментті қасақана төлемегені үшін жауапқа тартылған борышкерлердің саны екі есеге артты

Өңірде алиментті қасақана төлемегені үшін жауапқа тартылған борышкерлердің саны екі есеге артты

Бұл туралы облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстана отырып қабылданған шараларға жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды.

Былтыр прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңге сома көлемінде алимент төлемеген 61 ата – ана жауапқа тартылды, 6 адам бас бостандығынан айырылды.

Мысалы, бір азамат 4 жыл ішінде ұлына алимент төлемей, қарыз сомасы 4,4 млн теңгені құраған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеу бастап, сот үкімімен борышкерге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қылмыстық жауаптылықтан басқа әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Барлығы 327 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 122-сі әкімшілік айыппұлға, 205-і қамауға алынды.

Борышкерлер сонымен қатар елден тыс жерлерге шығу, лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды алу және пайдалану, өз мүлкіне билік ету құқығымен уақытша шектеледі.

Жұмысқа орналасқысы келетіндерге және алимент төлеуді дұрыс төлегісі келетіндерге жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. 360-тан астам борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл балаларды ай сайынғы алимент төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қадағалау актілері бойынша Қостанай облысының прокуратурасы 275 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, 286,4 млн теңгеге берешекті өтеуге қол жеткізді. 85 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның біреуі әрекетсіздіктің жүйелілігі үшін мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

Алиментті уақытылы төлеу – бұл ата-ананың міндеті және баланың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Жаңалықтармен бөлісу