Өңір басшысы Аманкелді ауданына іссапармен барды

Өңір басшысы Аманкелді ауданына іссапармен барды

29 қараша күні облыс әкімі Құмар Ақсақалов Амангелді ауданында жұмыс сапарымен болды.

Ол сапар барысында Қарасу ауылдық округінде “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан су құбырының құрылысын көрді. Бұдан соң Үрпек ауылдық окугіндегі «Ауыл— ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебіне барды. Мектептің ішін арлап, мектептің үйірме жұмыстары мен мектепке дейінгі балаларды дайындайтын шағын орталықтағы бүлдіршіндерді оқыту жоспарымен танысып, мектеп асханасында оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақтың сапасын көріп, аспаздармен жүздесті. Осы ауылдағы «Туған жер» жобасы аясында тартылған қаражат есебінен ашылған спорт залда жас спортшылармен кездесті. Облыс басшысы Амангелді ауданы электр жүйесі мекемесінің ғимаратына ат басын тіреп, электр жүйесін жаңарту жұмыстарының жәй-жапсарымен танысты. Аудандағы әлеуметтік құрылыс нысандарын аралап, кейін аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі Талғат Карбозов Амангелді ауданының биылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады. Жалпы, ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар тілге тиек етіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Кездесуге жиналған азаматтар әлі де шешімін күткен мәселелерді көтерді.Облыс басшысы Амангелді ауданында ауыз су мәселесін шешу, электр желісін жаңарту, әлеуметтік маңызды нысандарды қалпына келтіру жақсы жолға қойылғанын атап өтіп, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын әлі де жандандыру керегін айтты. Облысымыздың тек оңтүстік өңірлеріне ғана 1% үстемемен берілетін несиені алуға АШТӨ осы мүмкіндікті барынша пайдаланып қалуды тапсырды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, 2025 жылға дейін ауыл-аймақтарды 100% сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табатыны айтылды.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу