18 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай қаласында “Облыстық прокуратура” аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Осыған байланысты Толстой-Алтынсарин, Алтынсарин- Әль Фараби, Тәуелсіздік -Алтынсарин, Қасымхан- Әль-Фараби көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.