Облыстың 6 оқушысы Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Облыстың 6 оқушысы Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Алматы қаласында өткен химия және география пәндерінен оқушылардың Республикалық олимпиадасында Қостанай облысынан 6 оқушы жүлдегер атанып, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

1 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды. Олар – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, Сарыкөл ауданы мектептерінің, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

Атап айтқанда, Қостанайдағы Физика-математикалық лицейінің оқушысы Дарья Орлова географиядан екінші, осы білім орадасынан Иван Чернов үшінші орын алды. Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Бату Айтбай химиядан үшінші орынға ие болды. Осы мектептен Мүсілім Дайыров пен  Әлібек Қадыралинов те химия пәні бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.  Рудный қаласындағы № 10 мектеп-гимназиясының оқушысы Вадим Шугаев география пәні бойынша қола жүлдегер атанды.  Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Жанахмет Яхуда РҒПО грамотасымен марапатталды.

Қостанай облысынан олимпиадаға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері және ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 13 оқушы қатысқан еді.