Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ мұрындық болған “Халықтық бақылау” жобасы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға бағытталған.
Осы жоба аясында еліміздің әрбір тұрғынына жол құрылысы мен жөндеуге қоғамдық бақылауға қатысу мүмкіндігі беріледі.
Қостанай облысының Жол активтері ұлттық сапа орталығының өкілдері “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ, мердігер “Қостанай жолдары” ЖШС, “АБЗ+” ЖШС және техникалық қадағалау ұйымы бірлесіп, Денисов-Тавриченко – Аршалы – Комаров тас жолы мен Қостанай-Әулиекөл-Сурған учаскесін тексерді.
Сондай-ақ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өткен жылдан бері жөнделіп жатқан Денисов-Тавриченко – Аршалы – Комаров” тас жолының учаскесі ресайклинг (қайта өңдеу) әдісімен жөнделуде. Республикалық маңызы бар Қостанай-Әулиекөл-Сурған автожолы да өткен жылдан бастап ішінара ресайклинг және фрезерлеу әдісімен жөнделуде. Биыл бұл жол пайдалануға беріледі.
Ұлттық жол активтері сапасы орталығының инженерлері екі нысан бойынша жол төсемінің сапасын бағалау үшін үлгілер, яғни керндер алды. Үлгілер физика-механикалық сынақтар жүргізу үшін ЖАҰСО аккредиттелген зертханасына жіберіледі.
Зерттеу нәтижелері барлық қажетті сынақтар аяқталғаннан кейін белгілі болады.