Облыста Ұлттық домбыра күніне арналған  мәдени айлық басталады

Облыста Ұлттық домбыра күніне арналған  мәдени айлық басталады

Бір айға созылатын рухани-мәдени шаралар легі 5 шілде күні қорытынды мерекелік бағдарламамен аяқталады.

Айлықтың ашылуы «Күй шеруі» атты ерекше республикалық акциямен өтеді. Акция аясында облыстың барлық қала-аудандарында домбырашылар жоспарланған уақытта жеті күй орындап, қазақтың күй өнерін ұлықтайды.

Ауқымды мәдени шаралар өңірлерде 5 маусымнан бастап таңғы сағат 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейінгі аралықта өтеді. Ұлттық домбыра күніне арналған айлық аясында Қостанай облысының барлық өңірінде концерттік бағдарламалар, күй кештері, шығармашылық кездесулер, көрмелер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Айлықтың басты мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, күйшілік дәстүрді дәріптеу, жас ұрпақтың домбыраға деген қызығушылығын арттыру және халқымыздың мәдени мұрасын кеңінен таныту.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті өңірлердің мәдениет бөлімдеріне хабарласуға болады.