Жыл басынан бері облыстың мемлекеттік кіріс органдары 656,2 мың қызмет көрсетті, оның 99,5% – ы электрондық форматта. Бұл салық төлеушілерді Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы уақтылы және сапалы ақпараттандыру бойынша “Жол картасының” арқасында мүмкін болды.
– “Жол картасы” клиентке бағдарланған жағдайлар жасауға және Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде формальды тәсілді болдырмауға бағытталған, – деп атап өтті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер және түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Гүля АХМЕТОВА өңірлік комуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында. – Электрондық қызметтерді одан әрі дамыту үшін Комитеттің API – сервистерін олардың бағдарламалық интерфейстеріне енгізе отырып, екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимылды барынша кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Үкімет КЕАҚ базасында Азаматтарға арналған Бірыңғай байланыс орталығы-1414 құрылды. Қостанай облысы бойынша МКД байланыс орталығы 9 айда 3 903 қоңырау қабылдады.