Облыста боран күшейді: Түстен кейінгі жағдай

Облыста боран күшейді: Түстен кейінгі жағдай

Республикалық маңызы және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін жабық. Облыс мектептерінің 0-ден 11-сыныпқа дейінгі 2 ауысым оқушылары қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Жолдағы жағдайды тұрақтандыру үшін “Қазақавтожол”, ал облыстық және жергілікті жолдарды тазарту үшін мердігерлік ұйымдар 526 техникасын жұмылдырылды.
Облыстың барлық автожолдарына инертті материал (құм-тұз қоспасы) себу жүргізіледі.
Өңір бойынша 257 жылыту пункті дайындалды (13 – Республикалық, 11 – облыстық және 232 – ЖАО). Жалпы орын саны 11 255.
Қолайсыз ауа райына байланысты 103 елді мекенде электр энергиясы жоқ. Атап айтқанда, Аманкелді, Алтынсарин, Денисов, Әулиекөл, Жітіқара, Меңдіқара, Сарыкөл, Б.Майлина, Ұзынкөл, Қамысты, Федоров аудандары және Рудный қаласында. Жоғарыда аталған елді мекендерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Халықты уақытша орналастыруға, киім-кешек мүлкін, азық-түлік пен суды жеткізуге, ыстық тамақты ұйымдастыруға, көлік беруге және т. б. кәсіпорындар мен ұйымдармен меморандумдар жасалды.
Қостанай облысының әкімдігі ауа-райының тұрақтануына дейін сапарлардан бас тартуға шақырады. Сонымен қатар, егер Сіз қарлы тұтқында болсаңыз, 8-7142-50-36-24 сенім телефонына немесе ТЖ департаментінің құтқару қызметінің 112 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз.

Жаңалықтармен бөлісу