Ертең сағат 13.00-де облыс әкімдігінің аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Осыған байланысты Тәуелсіздік-Дулатова, Пушкин-Баймағамбетов, Тәуелсіздік – Байтұрсынов, Әл-Фараби, Әл- Фараби- Байтұрсынов көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырамыз.
Бұл туралы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары хабарлайды.