Екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқиды

Екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқиды

Қостанай қаласында және бірнеше ауданда екінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа көшірілді.

Бүгін 21 қаңтарда ақтүтек боранға байланысты, Қостанай мектептерінде екінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сондай-ақ облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, Меңдіқара ауданы Соснов жалпы білім беретін мектебінің барлық сыныбы, Рудный және Лисаков қалаларындағы барлық сынып онлайн оқиды. Жітіқара және Қарасу аудандарындағы мектептердің 0-11 сыныптарының екінші ауысым оқушылары, Амангелді және Жанкелдин аудандарында бастауыш сыныптар да күн райы қалпына келгенше үйде отырып оқиды.

 

Жаңалықтармен бөлісу