Ерлер арасындағы шаңғыдан Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын. Өңір басшысы ел құрамасы мен онда өнер көрсететін жерлестеріміз Наиль Башмаков пен Владислав Ковалевке құттықтауын жеткізді.
«Бұл жетістік – спортшыларымыздың ерен еңбегі мен жанкештілігінің нәтижесі. Ерекше мақтанышымыз – жерлестеріміз Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев. Қостанайдың шаңғы спорты мектебі тағы да өз деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді»,– деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Атлеттерімізге жеңіске деген талпыныстары мен Қазақстанды, Қостанай облысын халықаралық аренда лайықты танытып жүргендері үшін алғыс айтты. Жаңа спорттық жетістіктер тіледі.