Облыс әкімі Арқалықта

Облыс әкімі Арқалықта

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы жұмыс сапарымен Арқалық қаласына келді.

Облыс басшысы ең алдымен шаһарда Президент пәрменімен салынып жатқан «Арқалық әуежайының» құрылысымен танысты.

Әуежайды қайта құру барысы жоспар бойынша жүзеге асып жатыр. Құрылыстың қазіргі ахуалымен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмаз Есенжолов таныстырды.

Арқалық әуежайында тәуелсіз қазандығы бар терминал құрылысы  мен әуежайда ұшу-қону жолағын, рульдік жолақты және перронды қайта құру жобасы оң сараптамалық қорытынды алды. Тәуелсіз қазандығы бар терминал құрылысының құны 2,5 миллиард теңгені құрайды.

Облыс әкімі келесі кезекте «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» және «Орталық-Батыс» автомобиль жолының құрылыс жобаларының барысымен танысты.

Жаңа жолдардың құрылысы жөнінде «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы аймақтық филиалының бас инженері Андрей Горват кең көлемде әңгімелеп берді.

Мемлекет басшысының ұлттық Құрылтайда берген тапсырмаларын орындау — жаңа «Орталық-Батыс» автомобиль жолын салу жобасы Астанадан Арқалық арқылы Ырғызға дейінгі қашықтықты 560 км-ге қысқартады.

Сондай – ақ, «Әуежай» айналма жолының сәндік дизайны талқыланды. Айналма жолдың диаметрі 100 метр, бекітуге бірнеше эскиздер дайындалды. Сметалық құны 70-80 миллион теңге. Бұл жөнінде Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Раисов хабардар етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Облыс әкімінің өңірге кезекті сапарында орынбасарлары, сала басшылары, облыстық мәслихат депутаттары және белсенді жастар бірге болып, қаланың жаңарған тыныс — тіршілігімен танысуда.

  Мұрат Жүнісұлы

           Суреттерді түсірген — автор

                                                                                                                Арқалық қаласы