Облыс әкімі ардагерді құттықтады

Облыс әкімі ардагерді құттықтады

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанайдың құрметті азаматы Михаил Иванович Подоляковты 100 жылдық мерейтойымен шаңырағына құттықтап барды.

«Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанайдың құрметті азаматы Михаил Иванович Подоляковты 100 жылдық мерейтойымен құттықтау құрметіне ие болдым. Оның өмір жолы — төзімділіктің, батырлықтың және Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі. Оның өмір жолы — рух мықтылығының, адалдықтың және туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің тарихы. Михаил Ивановичті шын жүректен 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық, амандық және отбасылық береке тілеймін.Сіздердің ерліктеріңіз бен өңірдің дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Біз Сізбен мақтанамыз!», – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Соғыстан кейін Михаил Иванович бейбіт өмірде де елге қызметін жалғастырған. Ол мемлекетке жарты ғасырға жуық уақыт адал еңбек етіп, оның 30 жылын Қостанай облыстық статистика басқармасын басқара отырып өткізген, салада дәлдік, жауапкершілік пен кәсібилік мәдениетін қалыптастырған.

blank

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Михаил Ивановичке қалалық ардагерлер кеңесін басқару ұсынылды, және ол осы қызметті тағы 16 жыл атқарып, ардагерлердің мәселелерін шешуге белсенді үлес қосты және қоғамдық өмірге маңызды үлесін қосқан.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев