Науырзымда жаңа үйлер бой көтереді

Науырзымда жаңа үйлер бой көтереді

Науырзымда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін қуанышты жаңалық. Аудан орталығында бірден екі тұрғын үй жобасы жүзеге асып, алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады.

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту.blankБиыл аудан орталығында жалпы аумағы 1 200 шаршы метр болатын екі қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысан мемлекет тарапынан сатып алынып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі. Мердігер ұйым – Көкшетау қаласындағы «Eskendir Construction Company» ЖШС. Жобаның құны 340 миллион теңгеге тең. Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен.blank

«Әсіресе, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспаналы болуына мүмкіндік жасауға басымдық беріп отырмыз. Қазір жүзеге асырылып жатқан жобалар осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға жол ашады. Жаңа үйлердің сапалы әрі талапқа сай салынуы басты назарда», – дейді Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов.

Қарамеңдіде тағы бір маңызды тұрғын үй жобасы қолға алынған. Барлығы 13 пәтерді салу және кейіннен сатып алу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 222 миллион теңге деп есептелген. Бұл жұмыстарды да «Eskendir Construction Company» ЖШС атқарады. Бүгінде мердігер ұйым жерді тегістеп, іргетасын құюды бастаған.blank Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін баспаналар аудан қорына сатып алынып, қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктері аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы пайдалануға берілмек. Бұл пәтерлер де тұрғын үй кезегінде тұрған және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға арналған.blankЖергілікті атқарушы билік осы жобалар аудан тұрғындарын заманауи, абаттандырылған тұрғын үймен қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септеседі деп сенеді. Сонымен бірге мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асырудағы кезекті маңызды қадам болмақ. Жаңа үйлерді пайдалануға беру тұрғын үй жағдайын жақсартуды жылдар бойы күтіп жүрген отбасылар үшін қосымша мүмкіндіктер беріп, ауданның әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосады.blankblank