2 тамыз күні таңғы сағат 09:30 шамасында Наурызым ауданының Қараменді ауылы маңында JAC S3 Pro автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке түсіп, көлік аударылған.
Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
