«Атырау» сапында ойнаған жартылай қорғаушы «Тобыл» құрамына қосылды. Наурызбек Жагоров былтырғы маусымда 23 ойынға қатысып, 1 рет гол соққан.
“Ол алаңның сол қапталында да өнер көрсете алады. Наурызбек ойынды өрбіту, қарсы шабуылға шығу, дұрыс ашыла білу, дриблинг сияқты футболшыға қажетті қабілеттерді жетік меңгерген”, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.