Нәзік жандылар боянуға уақытын қалай бөледі?

Нәзік жандылар боянуға уақытын қалай бөледі?

Сұлулық –  әйел затының өлшемі. Әрбір әйелдің әдемілікке ұмтылуы қалыпты жағдай. Кез келген ортада “еліктің лағындай” сымбатымен көзге бірінші түсетін де арулар. Ал сол нәзік жандылар сұлулық үшін қанша уақытын жұмсап,  айлық табысынан қанша шығындалады Осы жайлы Қостанай аруларының өздерінен білейік.

Татьяна, кас пен кірпік шебері:

– Мен боянуға шамамен 15-20 минут уақыт жұмсаймын. Аса қатты құнықпаймын десем де болады. Кәсіби шебер ретінде  6-7 адам қабылдаймын. Қастың түзетуден  2000-нан 5000 теңгеге дейін, ал кірпік өсіруден  5000-15000 теңгеге  дейін табыс түседі. Жұмысым бар-жоғы  бір жарым сағаттай уақыт алады.

Алтын, студент:

– Қыздардың макияж қолдануы, әрине, әртүрлі. Ең бірінші адамның бетінің түсіне қарай косметиканы дұрыс таңдауы керек. Өйткені олар бет түсін жақсартады, тонды теңестіреді,  кемшіліктерді жасырады, терінің жақсы көрінуіне әсер етеді. Өзім ай сайынғы  шәкіртақымның 7500 теңгесін   кірпік істетуге жұмсайды екенмін.

Аяна, студент:

–Өзім бұрын мүлдем боянбайтынмын. Кейін қалаға келгелі  құрбыларымнан үйрене бастадым.  Қазір арнайы мамандарға жазылып, бет әрлеудің қыр-сырын үйреніп алдым. Ол үшін 20000 теңгедей шығындалдым. Болашақта өзімнің MAKEUP курсымды ашқым келеді.

Алия,  визажист:

– Кәсіби маман ретінде күнделікті макияжға 40-50 минут жібереміз. Ең бірінші келушілерге кеңес беріп, киім үлгісін тандаймыз.  Сосын  макияжға кірісеміз. Алайда, макияж жақпас бұрын, бетті тазартып, құрғақтығы  ұзақ сақталатындай етіп ылғалдандырамыз. Сәндік косметиканы қолдануға соңында кірісеміз.Күнделікті және кешкі макияжға 8000-нан бастап аламын. Оның ішіне барлық материалы кіреді.

Кристина, қала тұрғыны:

– Әр қыз бала өзінше сұлу. Өзіме боянған қатты ұнайды. Табиғи сұлулықты сақтаған дұрыс, бірақ макияж кыздарға артық етпейді деп ойлаймын.

Гүлбану, қала тұрғыны:

– Бұрын өте көп боянатынмын, қазір боянуды азайттым. Өйткені келін, ана болдық дегендей. Қазіргі қыздарға бояудан көрі табиғи сұлулықты сақтаңдар деп айтқым келеді. Себебі табиғи сұлулық ешқашан сәннен қалмайды.

                                                                                                 Ділназ Сантайқызы

Жаңалықтармен бөлісу