Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында мерзімді әскери қызмет өткеруге ниетті азаматтарды іріктеу басталады.
2026 жылғы 1 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ҚР МКҚ өкілдері еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда кандидаттарды іріктеп, жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізеді.
Іріктеуге 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180-195 сантиметр, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы азаматтар қатыса алады.
Сонымен қатар жоғары білімі бар, спортпен тұрақты айналысатын, спорттық жетістіктері мен разрядтары бар әскерге шақырылушыларға басымдық беріледі.
Іріктеуден сүрінбей өткен сарбаздар Астана және Алматы қалаларында орналасқан әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызмет атқарады.
Бұл – Отан алдындағы азаматтық борышты өтеумен қатар, тәртіп пен жауапкершілікті, кәсіби дағдыларды қалыптастыратын маңызды мүмкіндік.
Қосымша ақпарат алу үшін:
+7 747 674 13 93 нөміріне хабарласуға болады.
