Милич Чурчич: Алаңда жанкүйер үшін футбол көрсетеміз

Милич Чурчич: Алаңда жанкүйер үшін футбол көрсетеміз

Ертең Қостанайдың “Тобылы” өз алаңында футболдан УЕФА-ның конференция лига ойындары аясында Швейцарияның “Базель” командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді.

Команда бапкері Милич Чурчич пен жартылай қорғаушы Рамазан Оразов журналистердің ойын алдындағы сауалдарына жауап берді.

–”Базель” еуропа кубогінде аса тәжірибелі команда. Былтыр жартылай финалда өнер көрсетті. Ондай ұжымға қарсы ойнау біз үшін оңайға түспейді. Дегенмен, бірыңғай қорғаныста жүріп аламыз деп айта алмаймын, алаңның қай тұсында болмасын, ұқыпты әрі жанкүйерлердің көңілінен шығатындай футбол көрсетеміз деп ойлаймын”, – деді бас бапкер.

Жанкүйерлердің ықыласына бөленіп үлгерген Рамазанның төңірегінде жақсы алғықа толы пікірлер де айтылды.

“Рамазан пенальтиді орындай алмаған сәтінде қызық алда, күте тұрыңыздар, дегендей болды. Өзіміз солай ішімізден арты жақсы болатынын сездік, өзіңіз қандай күйде болдыңыз?”- деген сауалға Рамазан:

“Айып добын жақсы орындап шығуға ұмтылдым. Әйтсе де шетел атмосферасының алдында сәл секенсем керек, тартыншақтап соққы жасағаным рас…”, – деді Оразов – Осы қателіктен кейін жинақталып, өз-өзіме келдім… Біз келгелі жаттығу алаңындамыз. Бір апта жаттықтық. Жауапты ойында тағы нәтижеге талпынып, мүмкіндігімізді жібермеуге тырысамыз”.

Журналистердің тарапынан командаға жаңадан қосылған аңыз ойыншылардың кездесуге қатысу мүмкіндігі жөнінде сауалдар қойылды.

“Әрине, класы жоғары орындаушылардың осы ойында көмектескенін бәріміз қалаған болатынбыз. УЕФА регламенті бойынша алғашқы ойыннан бастап, тізімге ілінбеген ойыншының жауапты ойында қатыстырылмайтыны қиын. Бұл жолы сәл кешіктік. Алдағы раундта өнер көрсетіп жатсақ, міндетті түрде алаңнан көре аласыздар”, – деді Милич Чурчич.

Жаңалықтармен бөлісу