Металлургтерге құрмет көрсетілді

Металлургтерге құрмет көрсетілді

Металлургтер күніне орай облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстады.

Марапат иелерінің қатарында көп жылдық еңбегімен көзге түскен инженерлер, шахтерлер, цех шеберлері мен өндіріс шеберлері болды. Салтанатты жиынға тау-кен металургия саласының қызметкерлері, кәсіпорын жетекшілері қатысты.

blank blank

Өңір басшысы сөз сөйлеп, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ел экономикасының дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.

blank

«Қостанай облысында тау-кен металлургия кешені – экономикамыздың қозғаушы күші. Бүгінде бұл салада 15 мыңнан астам азамат еңбек етіп жатыр – бұл өңір экономикасының тірегі десек артық айтқандық емес. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің тау-кен металлургия саласы табысты дамып келеді. Мемлекет тарапынан бұл саланы қолдау жалғасуда. Жаңа өндіріс орындары ашылып, инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Сала әрі қарай дамуы тиіс. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бастысы шикізатты тек өндіру емес, оны терең өңдеу. Қазір біз темір рудасын өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнімге айналдыру жобасын іске асыруға кірістік. Осы бағытта Лисаков қаласында фосфорсыздандыру технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа газ құбыры тарту нәтижесінде өңірімізге келуге ниетті инвесторлар саны артты. Қызметтеріңіз үшін үкімет атынан сіздерге мерекелік наградаларды табыстап, табанды еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Валерий Анкудинов – кеншілер қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің» тәжірибелі инженері. Ол өзінің бар ғұмырын осы шахтаға арнап, бүгінде құрметті зейнет жасына жетіп отыр. Облыс әкімі оған 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісін кеудесіне тақты. Валерий Анкудинов 1980 жылы техникумда оқып жүріп, алғаш рет шахтадан тәжірибеден өтуге келеді. Әскерден оралған соң, осы шахтаға жұмысқа орналасып, содан бері табан аудармай еңбек етті.

«Бұл – менің жеке таңдауым болды. Оқуымды бітіріп, шахтаға жұмысқа бардым. Еңбек жолымды материалдар жеткізуші қызметінен бастап, инженер дәрежесіне дейін жеттім. Шахтада әр қызмет жауаптты. Желдету қызметі мен шахтаның ауа алмасуын қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсетемін. Яғни, әріптестеріммен бірге шахта қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Марапатқа келер болсам, төс белгі алатынымды бір күн қалғанда білдім. Бұл мен үшін тосын сый болды. Қуанышым шексіз», – дейді марапат иесі.

Қостанайда орналасқан «Еврокат Сталь» кәсіпорны былтыр 420 мың тонна арматура өндіріп, 13 миллиард теңгеден астам өнім шығарған. Өндіріс әлі де кеңейе түспек. Сонымен қатар жақында жаңа «KIA» автозауыты іске қосылмақ. Бұл – машина жасау мен металлургияның үйлесімді дамуының нақты көрінісі.

Марапат алғандар қатарында Қуанышбек Құлназаров бар. Ол 2003 жылы Рудныйға Өзбекстаннан қоныс аударған. Қазіргі таңда

«Варваринское» АҚ ұсатқыш болып жұмыс істейді. Қуанышбек Құлназаров «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен наградталды.

«Бүгінгі марапат – мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Мен 2003 жылы Өзбекстаннан тарихи Отаным – Қазақстанға, Рудный қаласына қоныс аудардым. Содан бері «Варваринское» акционерлік қоғамында ұсатқыш болып еңбек етіп келемін. Бұл – оңай жұмыс емес. Белгілі бір мөлшерде ұсатқыш құрылғының ауызы шикізатқа толып қалғанда тазалап отырамыз. Осылайша өндірістік процестің масылайша өндірістік процестің маңызды бір бөлігін қамтамасыз етеміз. Әр күн – табандылық пен тәртіпті талап етеді. «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісін алуым – жеке басым үшін ғана емес, бүкіл ұжымымыздың еңбегінің бағалануы деп білемін. Осындай марапат алуға себепкер болған барлық әріптестеріме, басшылыққа және отбасымның қолдауына алғыс айтамын», – дейді Қуанышбек Құлназаров.

Өңірдің қай саласында да даму бар. Жуырда Қостанайда құрғақ порт өңірлік логистикалық орталықтың іргетасы қаланды. Бұл жобаға 64 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, екі жыл ішінде мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

«Біз болашақта Қостанай облысы толыққанды индустриялық аймаққа айналады деп сенеміз. Барлық жобалар айналасындағы шағын және орта бизнесті де дамытуға серпін береді. Бұл – тұрақты экономика мен халықтың әл-ауқатының кепілі», – деді облыс әкімі сөз соңында.

Жиын барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Алғыс хатымен және Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен де бірқатар еңбек адамдары марапатталды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blankМеталлургия – ауыр, бірақ абыройлы сала. Осындай кездесулер пен құрмет көрсетулер еңбек адамының қоғамдағы беделін арттып қана қоймай, жаңа буын мамандарды кәсіпке баулуға жол ашады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ