Наурыз мейрамы қарсаңында «Қостанай таңы» зейнеткерлерін құттықтауды Қостанай қаласының Саясаткер әйелдер клубының төрайымы, облыстық Әйелдер күштері альянсының мүшесі, кәсіпкер Гүлвира Құдайқұлова сабақтады. Демеушіміз газетіміздің жас буыны үшін үлгілі із қалдырған үш бірдей апамызға сый-құрмет көрсетті.
Қарашаңырақта 1986 жылдан бастап жұмыс істеп, ғұмырының 34 жылын газетке арнаған Мнаура Ысмағұлқызы Қабдрахметова әр жылдары бірнеше түрлі қызмет атқарды. Атап айтқанда, корректор, жауапты хатшының орынбасары, тілші, жауапты хатшы болып еңбек етті. Ол кісінің тіл сауаттылығы жөнінде тұрақты түрде жарыққа шығарып отырған арнайы беті қанша уақыт өтсе де құндылығын жоймайтын айдар деуге болады. Негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болса да, «Қостанай таңының» шығармашылық дамуына зор үлесін қосты. Көп жылдық еңбегі еленіп, сан алуан мәртебелі марапат иеленді. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасы, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ Алғыс хаты – оның қажырлы қызметіне берілген баға. Мнаура Ысмағұлқызы ҚР Журналистер одағының мүшесі екенін де айтпай кетуге болмайды. Қарт басылымнан зейнетке шыққан апайымызды Гүлвира Жәзитқызы шаңырағына арнайы барып құттықтап, марапат табыс етті.
Алдыңғы толқын қызметкелердің бірі – Сәуле Қопабайқызы Ибраева да ерекше құрметке лайық жан. Ол кісі «Қостанай таңында» 1993 жылдан бастап жұмыс істеген. Отыз жылдан астам уақытын осы редакцияның қызметіне арнап, газеттің әртүрлі саласында тер төкті. Білікті маман газет шығарушы, корректор, газетті беттеуші, әрлеуші болып еңбек етті. Жаны жайсаң апамыз аға буынға да, өскелең жастарға да ерекше сыйлы бола білді. Демеушіміз газет басшылығымен бірге Сәуле Қопабайқызының да үйіне барып, мерекелік сый-тартуын жасап, емен-жарқын сұхбат құрып қайтты.«Қостанай таңында»1965 жылдан бастап, аттай 33 жыл бас бухгалтер болып жұмыс істеген Бәтіш Жәлелқызы Баекенованы құттықтауды да Гүлвира Жәзитқызы міндетіне алған болатын. Бірақ Бәтіш Естеріңізге салайық, “Мерекелік сый-құрмет” акциясы облыстық Әйелдер күштері альянсының демеушілігімен жүзеге асып жатыр.
Суреттерді түсірген Бибіт МИРАМҰЛЫ