«Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр

«Менің атым Қожа» қайта түсіріліп жатыр

Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа енді жаңа форматта оралмақ.

Қазақ киносының классикасына айналған фильм заман талабына сай қайта түсіріліп жатыр. Фильм туралы:

 

“Жаңа нұсқада қазіргі заман технологиялары мен трендтері енгізілген. Бірақ түпнұсқаның негізгі идеялары сақталады. Басты рөлдегі актерлер көрермендердің оң бағасын алуда”, – деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Менің атым Қожа» – балалық шақтың естелігі ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің құнды мұрасы. Бердібек Соқпақбаевтың классикалық туындысы жаңа буынмен қайта қауышуға дайын.

Жаңалықтармен бөлісу